СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Бәсекеге қабілетті маман даярлау

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бәсекеге қабілетті маманды даярлау.

Жаңа технологияларды оқыту.

Просмотр содержимого документа
«Бәсекеге қабілетті маман даярлау»

« Бәсекеге қабілетті маман дайындауда қазақ тілін оқытудың инновациялық әдістерін пайдалану ерекшеліктері »

Елбасының «Жаңа әлемдегі - жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтқандай,біздің еліміздің кез келген азаматы біліміне сәйкес білікті мамандық алып, әлем елдерінің талабына сай сұранысқа ие болатын деңгейге жеткенде ғана,елімізде жасалып жатқан білім беру реформасының жетістікке жеткенінің куәсі бола аламыз.Сондықтан,Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың: «Біздің ұлттың бәсекелестікке қабілеттілік деңгейі оның білімінде» дегенін естен шығармауымыз керек. Жаңа технологияларды меңгеру мұғалімнің зияткерлік, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Халқымыздың рухани көсемі Ахмет Байтұрсынов « Мұғалім әдісті көп білуге тырысу керек» дегендей, оқыту барысында ең озық, тиімді технологиялар тәжірибеге енгізілуде. Қазақ тілі сабақтарында ақпараттық технологияны енгізу арқылы сабақтың белсенділігін арттыруға, сабақты шапшаң жүргізуге, студенттің өздік жұмысының көлемін көбейтуге, студенттердің белсенділігін көтеру мен шығармашылық қабілеттерін дамытуға және өз бетінше білім алуға көмектеседі. Мемлекеттік тілді оқытуда кез-келген жаңа технологияларды қолдануға болады. Жаңа технологиялардың көмегімен оқыту барысында тіл үйретудің негізгі төрт бөлігі: оқу, жазу, тыңдау, сөйлеу толық сақталады. Бүгінгі күні кез-келген оқытушы қазақ тілі пәні болсын, басқа пәндер болсын, ақпараттық коммуникативтік технологияны пайдалану арқылы әртүрлі сабақтарға әзірлемелер дайындап және оны жоғары деңгейде өткізе білсе, сабақтың тартымды әрі қызық болатыны мәлім. Жаңа технологияны пайдалану немесе меңгеру мұғалімнің интелектуалдық, рухани, азаматтық және де басқа көптеген адам келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытуға көмектеседі. Сондай технологиялардың бірі педагогика ғылымның докторы Ж. Қараевтың «Деңгейлеп саралап оқыту» Өзіме сабақ беру барысында деңгейлеп оқыту технологиясының көп көмегі тиіп жүр. Деңгейлік тапсырмаларды жүргізудегі негізгі мақсатым – баланың қабілетін ашу, шығармашылығын шыңдау, іздендіру, пәнге қызығушылығын арттыру. Осы мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттерді жүзеге асырамын

1. Оқушылардың бірімен-бірі білімдерін алмастыруы.

2.Оқушылардың өздігінен білімін толықтыра отырып, жаңа білімді яғни жаңа сабақты меңгеруі.

3. Берілген білімді пысықтау.

4. Шығармашылық қабілеттерін арттыру.

Деңгейлік тапсырмалар арқылы студенттердің тілін дамытып, сөздік қорын байытуға болады. Деңгейлік тапсырмалар арқылы мұғалім оқушының нені білетінін, нені түсінгенін, нені түсінбегенін біледі, соның нәтижесінде оқушыларда намыстары келіп , басқалардан қалып қоймауды ойлап өз мүмкіндігіне қарай дайындық жасайды, әрі тырысады. Деңгейлік тапсырма – студенттерге шамадан тыс жүктеме беру емес, керісінше оқушының біліміне, сұранысы мен қабілетіне сәйкес дайындалған қосымша, сатылы жұмыстар жүйесі. Деңгейлік тапсырмалардың маңыздылығы –студенттің шығармашылықпен белсенді жұмыс істеуін дамытады. , әр оқушыны өздігінен үйренуге баулиды, өткен грамматикалық тапсырмаларды және лексикалық тақырыптарды жүйелілеуге дағдыландырады., ой еңбегімен айналысуға жетелейді. Даму барысы біркелкі болмауына байланысты әр топта үлгерімі нашар, жақсы, үздік студенттер болады. Сондықтан сабақ барысында әр студенттің талаптарын анықтау үшін және де түрлі жоспарланған бағдарламалық материалды стандарт талаптарына сай меңгерту үшін деңгейлік тапсырмалар қолданғанды қажет етеді. Деңгейлеп оқыту технологиясы студенттің де , мұғалімнің де белсенді шығармашылық қызметін дамытуға арналған.

1-деңгейдегі тапсырма жеңілдеу болады.

2-деңгейдегі тапсырмалар Оқушы пән бойынша алған білімін еске түсіре алады. Мазмұны мен мағынасын айқындайды. Әр оқушы осы тапсырманы орындауы қажет.

3 -деңгейдегі тапсырмалар материалды кеңейтіп, дәлелдеп материалды терең түсінуге көмектеседі.

Студенттердің жалпы және арнайы оқуын, ақыл ой қызметін жетілдіруді қамтамасыз етеді.

4- деңгейдегі тапсырмалар студенттердің білімін саналы түрде шығармашылық деңгейге көтереді.

Деңгейлік тапсырмаларды төмендегі сабақ түрлерінде қолданған өте тиімді.Мысалы: топпен жұмыс, пікірталас, семинар, сабақтан тыс қосымша сабақтар.

Басқа ұлт өкілдеріне қазақ тілін оқыту, ауызекі сөйлеуге үйрету қиын және қызық та жұмыс. Бұл топтарға деңгейлік тапсырмаларды былай беруге болады.

-1 деңгей: Мәтінді оқып, зат есімдерді теріп жазыңыз, көптік жалғаулардың астын сызыңыз, мәтіннің мазмұнын айтыңыз.

Киіз үй негізгі төрт бөлшектен құралады.Олар кереге, уық, шаңырақ, есік.Керегелер қанаттардан тұрады.Қанат сағанақтардан тұрады. Сағанақтар қиғаш орналасады.Егер де киіз үйдің басқа бөлшектері талдан жасалса, шаңырақ қайыңнан иіліп жасалады.Ол үшін қайыңды жаздың ортасында кесіп алады.

-2 деңгей: Мына сөздермен сөйлем құраңыз, мектеп, колледж, тәуелсіздік, рәміздер.

-3 деңгей: Мәтінді оқып шығып, екеуара сөйлесіңіз.Диалог құрыңыз.

-4 деңгей: " Киіз үй " тақырыбы бойынша өз ойларыңды жазыңыздар.

Ал енді кейбір топтар арасында студенттердің білім деңгейлері жоғарырақ болса, оларға күрделірек тапсырмалар беруге болады. Мысалы: "Бала тойлары" тақырыбына байланысты"Шілдехана"мәтінімен жұмыс жасаймыз.

Қазіргі кезде ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір оқушыға сапалы және терең білім беруіне жағдай жасап отыр. Оқытушы баяндайды, әңгімелейді, түсіндіреді, ал оқушы тыңдайды, қабылдайды, ойлайды, т.б. таным әрекеттерін жасайды. Біздің елімізде қазақ тілі - мемлекеттік тіл. Соған орай оқу орыс тілінде жүретін топтарда егеменді еліміздің мемлекеттік тілі – қазақ тілін оқыту өмірлік зор маңызға ие. Орыс топтарындағы қазақ тілі сабағының білімдік дәрежесі бүтіндей басқа. Өйткені, орыс топтарындағы қазақ тілін оқытудың әдісі де, оған қойылатын талаптары да өзгеше. Мақсаты - оқушыларды қазақша сөйлей білуге үйрету болады да, сол сөздерден сөйлем құрау үшін грамматикалық ережелер, анықтамалар сөз үйретудің техникасы ретінде қарастырылады. Қазақ тілі сабағы әрі тартымды, әрі қызықты, әрі сапалы болуы әр пән мұғалімдерінің өзіне, білім деңгейіне, кәсіби шеберлігіне байланысты. Оқу-тәрбие негізі - сабақ. Сондықтан сабақ тартымды, әсерлі, мақсаты айқын және толық мәнді болуы тиіс. Жаңа технологияны пайдалану немесе меңгеру мұғалімнің интелектуалдық, рухани, азаматтық және де басқа көптеген адам келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытуға көмектеседі. “Жүз рет естігеннен, бір рет көрген артық” деген сөздерді ескере отырып, сабақтарымызда мүмкіншілігіне қарай мультимедиялық проекторды пайдаланып отырсақ оқытушының ұтары мол деп ойлаймын. Тек оларды тиімді, жүйелі түрде қолдану оқытушының шеберлігіне байланысты әрқилы жүзеге асырылуы мүмкін.

Осы технологияны пайдаланудың тиімді тұстары:

оқушының пәнге деген жеке қызығушылығын оятады;

танымдық қабілеттілігін қалыптастырады;

этнопедагогикалық тәрбие береді;

оқушыны шығармашылық жұмысқа баулиды;

Яғни, әр қазақ тілі сабақтарын слайдтар қолдану арқылы өткізсек, әр сабағымыздың өзінде оқушыларды тілге деген қызығушылығымызбен баурап алатынымыз сөзсіз. Талдау нәтижесінде оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеті артады; өзіндік пікірі қалыптасады. Біз ұстаздар қауымы қандай да болмасын жаңалыққа құлақ түре жүретініміз айқын. Жаңа технологияларды сабақта қолданудың тиімділігін қашан да жолға қоярымыз анық. Соның бірі – “Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту” технологиясын сабақты жоспарлауды қолданудың тиімділігіне тоқталсам. Мұнда әр оқушының ойы шыңдалып, өз даму деңгейіне сай жетістіктерге жетуге болады. Сын тұрғысынан ойлау жобасы мынандай үш құрылымнан тұрады:

қызығушылықты ояту;

мағынаны тану;

ой-толғаныс.

Бұл технологияда бұрынғы білім мен жаңа ұғым ұштастырылады. Ал, соңғы кезеңде оқушы өз шығармашылығынан қабілетін таныта алады. Мұнда оқушыға ойланып-толғануға уақыт берілуі керек, ойын айтуға оқушы шығармашылығын қалыптастыратынын атап өту керек. “Қызығушылығын ояту” кезеңінде алдыңғы өткен тақырыпты тексеру мақсатында тест жұмыстарын өткізу арқылы оқушының білім деңгейін қадағалап, жаңа сабақты бастар алдында “Топтастыру” стратегиясы арқылы оқушылармен бірлесе отырып, жай сөздермен емес, тақырыппен байланыстыра жаңа сабақтың атауын шығарамыз. Сабақтың қай құрылымында болмасын оқытушы осындай стратегияларды қолданғанда “Мен не ұтам?” және “Оқушы не ұтады?” деген сұрақтарды есінен шығармауы керек. “Мағынанаы тану” кезеңінде оқушыларды топқа бөлу арқылы сұрақтар дайындап, оны “Куббизм” стратегиясы арқылы жүзеге асыруға болады. Сұрақтар үш деңгейде әзірленеді. Дайындалған сұрақтарға оқушылар өз ойларымен жауап бере отырып, бұл сұрақтар оқушылардың деңгейіне сай топтастырылған немесе сұрақтардың өзін сұрыптауда “Жуан және жіңішке сұрақтар” стратегиясын оқытушы жүзеге асырады. Осы кезеңде “Түртіп алу кестесі” бойынша да жұмыстану арқылы қорытынды шығаруға болады: Бұл технологияның келесі бір кезеңі – ой-толғаныс. Мұнда “Венн” диаграммасын қолдану арқылы тақырыптардың ұқсастығы мен айырмашылығын көрсетуге болады. Осы кезеңде оқушылардың тілдік дағдыларын қалыптастыру мақсатында сабақ тақырыбына байланысты “Дебат” яғни, пікір-сайыс өткізуге немес “5 минуттық эссе” жаздыруға болады. Мұндағы мақсат – оқушылардың өзіндік көзқарасын қалыптастыру. Сол эссе жазғанда сабаққа қабілеті төмен деген оқушылардың өзі 5-6 сөйлемнен тұратын ойын жазса, соның өзі оқушыны сабаққа тарта білгеніміз. Инновациялық білім беру – іскерліктің жаңа түрі. Инновациялық қызмет оқу ісін дамытуға, пәндердің мәнін тереңдетуге, оқытушының кәсіптік шеберлігін арттыруға басқа жаңа технологияларды енгізуге, пайдалануға және шығармашылық жұмыстар жүргізуге бағытталған. Сабақ барысында әсіресе ағылшын бөлімінің студенттерімен "Полиглот "ойынын жүргіземін. Бұл ойын оқушылардың ойлау қабылеттерін сонымен қатар ауыз екі сөйлеулерін дамытады. Мемлекеттік тілді тиімді деңгейлік тапсырмалар, ақпараттық технологиямен оқыту ана тіліміздің мәртебесін арттырып, бүгінгі күн талабына жауап беруге жол ашады.


­­­

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Қазақ тілі мен әдебиетті журналы1/2016

  2. Қазақ тілі мен әдебиетті журналы 6/2015

  3. Ұлағат журналы 1/2016

  4. Б.С.Мырзаханова Қазақ тілі Алматы 1996








Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!