СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Ата заң –мемлекеттің басты тұғыры!

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ата заң –мемлекеттің басты тұғыры!   

Просмотр содержимого документа
«Ата заң –мемлекеттің басты тұғыры!»

Қысқа мерзімді жоспар

Мектеп: М.Әуезов атындағы №33 орта мектеп

Мұғалімнің аты-жөні: Данегулова Ж. Е

Пәні:Құқық негіздері

Сынып: 9

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Ата заң –мемлекеттің басты тұғыры!

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

Қазақстан Республикасы Конституциясының маңыздылығын ұғыну.


Сабақ мақсаты

1. Оқушыларға адам құқықтары мен міндеттері жайлы түсінік қалыптастыра отырып құқықтық білімдерін толықтыру;

2. Окушылардың құқықтық саналылығы мен таным белсеңділігін арттыру, жалпы заңның негізгі қағидаттарын талдай отырып, өз беттерімен салыстыра білу, өмірде қолдана білу дағдыларын қалыптастыру;

3. Ата Заңды құрметтей отырып, еліміздің, ынтымақтастығын, бірлігін нығайтуға үлес қосу;


Бағалау критерийі


  • Заңдылық және құқықтық тәртіп, құқықтық сана, құқықтық мәдениет ұғымдарын анықтайды;

  • Заңдарды білу және оларды орындаудың әлеуметтік пайдалылығы мен қажеттілігін және қағидаттарын түсіндіреді;

Заңды және заңды емес кепілдіктерге сипаттама береді, талдайды

Күтілетін нәтиже

Қазақстан Республикасының Конституциясын білу, заңды құрметтей отырып, еліміздің, ынтымақтастығын, бірлігін нығайтуға үлес қосу




Құндылықтар




- Өзгелердің мәдениетіне және көзқарастарына құрметпен қарау;

- Жауапкершілік;

- Денсаулық, достық және айналадағыларға қамқорлық көрсету;


Пән аралық байланыс


Құқық негіздері, тарих.


АКТ-ны қолдану дағдылары

Слайд, бейнематериал.


Сабақ барысы

Сабақтың

Жоспарлан

ған

кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жұмыс түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы:

5 минут

Ұйымдастыру кезеңі. (Тұлғаралық байланыс орнату)

1. «Гүлмен тілек»

Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл көтереді, бауырмалдығы оянады.

(оқушыларды топқа бөлемін, мұғалім үшке санау арқылы)

2.Сабақтың тақырыбымен оқу мақсатын таныстырамын.

1-2 слайд



Сабақтың ортасы

30 минут





















































































































«Сократ

тық

шеңбер» әдісін

қолдану


«Кейс-стади» әдісін қолдану




















Қорытын

ды


Сабақтың соңы

5 мин

Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Тәуелсіздіктің, елдегі тұрақтылықтың алтын қазығына айналған Ата Заңымыздың қабылданғанына биыл – 25 жыл. Конституция - еліміздің бағдары, келешектiң кепiлi.

Бүгіндері құқықтық мемлекет құрамыз деген заманда әрбір адамның өз құқықтарын жете біліп, жалпы заң білімі саласынан мағлұмат алғаны дұрыс. Заңды аттамай, тура жолмен жүріп, еліне адал қызмет еткен азамат қана мұратына жетеді. Сондықтан, занды білу — заман талабы.

Заңға бағыну - тәртіп, ал тәртіп бар жерде тәрбие, ынтымақ және тағы басқа адамға тән касиетгер бар екені сол қасиетгер қоғамның тұрақтылығы мен гүлденуінің негізі екені белгілі.

Мемлекетіміздің Ата Заңының 1-бабында «Қазакстан Республикасы кұқықтық және зайырлы мемлекет, оның ең кымбат казынасы - адам және адамның өмірі, құқықгары мен бостандықтары» -деген қастерлі сөздерді кіргізген.

Қазіргі қолданыстағы Қазақстан Республикасының Конституциясы 9 бөлімнен 98 баптан тұрады.

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы аялдамасы.


Қазақстан Республикасы Конституциясының 9 бөлімі



І бөлім. Жалпы Ережелер


ІІ бөлім. Адам және азамат


ІІІ бөлім. Президент


ІV бөлім. Парламент


V бөлім. Үкімет


V І бөлім. Конституциялық Кеңес


V ІІ бөлім. Соттар және сот төрелігі


V ІІІ бөлім. Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару


ІХ бөлім. Қорытынды және өтпелі ережелер


2.Ой шақыру.

Өткен тарихымызға ой жүгіртсек . (Бейнематериалға шолу).

3. Тапсырмалар

1) Конституция негізінде адамның құықтары мен еркіндіктерін жүйелеу.

(Мұнда оқушылар құқығы мен міндеттерін сызбаға қосымша айту да көзделеді).

1-топқа. Жеке бастың еркіндігін қандай құқықтар айқындайды?

1-топқа. Азаматтардың саяси құықтарына не жатады?

3-топқа. Әлеуметтік-экономикалық құқықтарға не жатады?


Құқық және еркіндік


Жеке бастың еркіндігі

Саяси құқықтар

Әлеуметтік экономикалық құқықтар

Өмір сүру құқығы

Мемлекетті басқару ісіне араласу құқығы

Денсаулықты қорғау және дәрігерлік көмек алу құқығы

Жеке бастың еркіндігі мен өміріне ешкім қол сұға алмайды

Билік жүйесіне және өзін-өзі басқару органдарына сайлау және сайлану құқығы

Әлеуметтік қорғалу құқығы

Жеке меншікке ие болу құқығы

Бірлестіктер құру құқығы

Білім алу құқығы

Отбасының өміріне ешкім қол сұға алмайды

Жиналыстар, жиындар, бейбіт шерулер өткізу құқығы

Еңбек ету құқығы

Еркін жүріп тұруға және тұрғылықты мекенді таңдап алу құқығы

Билік орындарына өтініш беріп мәлімдеме жасау құқығы

Демалу құқығы

Ойлау және сөз бостандығы


Өзінің мүлкі мен ақыл-ойын, шеберлігін кәсіпкерлік қызмет үшін пайдалану құқығы

Ар-ұждан бостандығы


Рухани, мәдени құндылықтары мен жетістіктерін пайдалану құқығы

Қай ұлтқа жататынын анықтау құқығы




Өзін қоршаған ортаның тазалығын талап ету құқығы









2). «Қай топ жылдам?»

Адам құқығын қорғаудың қандай әдістері бар?

Төмендегі кестені толтырыңдар.


Мемлекеттік қорғау

Сот қорғауы

Мемлекеттік емес қорғау

Өзін-өзі қорғау

Президент, Парламент, Конституциялық Кеңес, атқарушы органдар, прокуратура және ішкі істер органдары, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл, ҚР Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия

Сот-ең басты құқық қорғау институты болып табылады.

Адвокаттар, нотариуистар қызметі, құқық қорғау ұйымдары, қоғамдық ұйымдар, кәсіподақтар және т.б.

Төнген қауіптен

өзінің жеке күшімен және құралдармен қорғану, төнген қауіпке өз өміріне,

мүлкіне, мүдделеріне қайшы келмейтін барлық

амалдармен қарсы

тұру әрекеті.


3).1- топқа.

Адам құқығы саласындағы халықаралық құжаттарға сипаттама беріңдер.

1948 жылы 10 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясы Адам құқықтарының жалпыға бірдей Декларациясын қабылдады. БҰҰ 10 желтоқсанды Адам құқығы күні деп жариялады. Бұл күнді бүкіл әлем атап өтеді. Жалпыға бірдей Декларация адам құқығын қорғау туралы 60-тан астам пактіні қабылдауға ықпал етті. Жалпыға бірдей Декларациясы кіріспе мен 3 баптан тұрады. 1966 жылы 16 желтоқсанда адам құқығы саласында екі маңызды құжат қабылданды: Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пакт және Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар жөніндегі халықаралық пакт. Бұл пактілер 1976 жылы күшіне енді.

2-топқа.

Адам құқықтары бойынша ынтымақтастықты жүзеге асыратын қандай ұйымдар бар?

Ұйымдар




Біріккен Ұлттар ұйымы (БҰҰ)

Халықаралық еңбек ұйымы(ХЕҰ)

Біріккен Ұлттар Ұйымының Білім, ғылым және мәдениет жөніндегі ұйымы (ЮНЕСКО)

БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ)

3-топқа.

«Сократтық шеңбер» әдісі арқылы ашық сұрақтар беремін.

1. Құқықтық сана ұғымын анықтаңдар

2.Құқықтық мәдениет ұғымын анықтаңдар.

«Жағдаяттық сұрақтар» аялдамасы

1-топқа.

1. Оқиғаны «Кейс-стади» әдісі бойынша талдау.

Сіз биікте ауа шарында қалқып жүрмін деп ойлаңыз. Ауа шарында сізбен бірге адамның он құқығы бар. Ауа шары жүзген сайын биік тауға жақындап келеді. Ауа шары жеңілдеп , таудың үстіне көтерілуі үшін, қауіп-қатерден құтылу үшін қасыңыздағы құқықтарды бірінен соң бірін тастайсыз. Соңында өзіңізбен бірге бірнеше құқығыңызды ғана қалдырдыңыз. Ол қандай құқық болуы мүмкін?

(өмір сүру, таза қоршаған ортада тұру, жынысыңызға немесе нәсіліңізге қарамай өзіңізге тең қарауға, мемлекет кепілік берген әлеуметтік қамсыздандаруға)

2-топқа.

2. Алина түрік жігітіне тұрмысқа шықпақшы, бірак ата-анасы қарсы. Себебі, олар Алина Қазақстан Республикасыньщ азаматтығын жоғалтады деп қорқады және өз еліне келе алмайды деп алаңдайды. Алина азаматгығьн жоғалтады ма, әлде?

(7-бап. Жоғалтпайды);

3-топқа.

3. Қарт адам Париж каласынан ҚР-ның елшілігіне келіп, оған ҚР-ның азаматтығын беруді өтінеді, бірақ ол кісі жасырынып жүрген, халықаралық сотгың шешімімен өмір бойы темір тордың аржағында отыруы керек қылмыскер болатын. Оған азаматтык беріле ме? (17-бап. Берілмейді);


Қорытынды.

Біз не білдік?


Топтастыру


Кері байланыс. Оқушылар өздерінің құқықтық сауаттылықтары қаншалықты деңгейде екендігін «Білім ағашы» арқылы көрсетеді






3-6 слайд



















7слайд
























Бенематериал

көрсетіледі







8 слайд







































9 слайд


















10 слайд













11слайд










12 слайд



13слайд























14слайд





















Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!