Танымдық белсенділіктерін арттыру Психологиялық ахуал Оқушылармен амандасып, сабаққа дайындықтарын бақылап, сәттілік тілеймін. Балалар, тақтада ілініп тұрған мына бір ағашқа қараңыздаршы. Әдемі ме? Әрине жоқ. Себебі, жапырақтары жоқ, безендірілмеген. Ендеше осы ағашты алдарыңызда жатқан түрлі-түсті жапырақтардың, гүлдердің т.б. ішінен өздеріңізге ұнаған түсті алып, ағашты безендіре қойыңыздаршы. (оқушылар жапырақтарды, гүлдерді, ағаш діңін жабыстырады) . Балалар, жарайсыздар! Ағашымыз әп-сәтте өзгеріп шыға келді! Ағашты безендіруге таңдаған түстеріңіз бойынша топқа біріге қойыңыздар! Үй тапсырмасын қайталау, бекіту. 1 топ: «Химиялық элементтердің жіктелуі» тақырыбына кластер құрастырады. 2 топ: «Химиялық элементтер қызықтары» тақырыбына қосымша мәлімет айтады. 3 топ: 78 беттегі 6 тапсырманы орындайды. 4 топ: 78 беттегі 7 тапсырманы орындайды. 5 топ: 78 беттегі 8 тапсырманы орындайды. 6 топ: 77 беттегі 3 тапсырманы орындайды. «ТРИЗ» технологиясы бойынша сабақ тақырыбын анықтау мақсатында құрастырылған шағын әңгіме оқылады: Оқушылар бүгінгі өтетін жаңа тақырыпты ашып, дәптерлеріне күнді, айды, тақырыпты жазып алады. Оқушылар, бүгінгі сабаққа қандай мақсат қояр едіңіздер? Топ болып ақылдасып, алдарыңызда тұрған параққа мақсаттарыңызды жаза қойыңыздар да ауа шарына жабыстырыңыздар. (жазған мақсаттарын ауа шарына бекітіп, әрбір топтың төбесінен түсіріп іліп қоямын). Оқушылар, тақырыпқа сай бейнефильм тамашалайды: Балалар, бейнефильмде не туралы, кім туралы айтылады? Біздің бүгінгі тақырыбымыздың өткен тақырыппен байланысы барма екен? Өткен тақырыпта естеріңізде болса, ХЭПЖ ағылшын ғалымы Дж. А. Ньюлендс октава заңдылығы бойынша ашпақ болғаны туралы айтқанбыз иә, сонымен қатар неміс химигі И.В.Деберейнер ұсынған триада-үштік топтар заңдылығы туралы да айтып өткенбіз. Оқушылар, біз көз алдымызда көріп отырған ХЭПЖ ашылуының қаншалықты маңызды болғанын түсініп отырмыз иә? Ендеше, бүгін біз химия атасы Д.И.Менделеевтің ХЭПЖ қалай ашқандығы туралы білім меңгеретін боламыз! Ендеше, оқулықтағы 14-15 парагрофтар бойынша әр топтар постер құрайық: 1 топ: «Период» (79 бет) 2 топ: «Топ» (80 бет) 3 топ: «Сілтілік металдар» (83 бет) 4 топ: «Галогендер» (84 бет) 5 топ: «Инертті газдар» (84 бет) 6 топ: «Ауыспалы металдар» (85 бет) Әр топ мүшелері жоғарыда аталған тақырыптар туралы постер құрып, қорғайды. «АБС» әдіс-тәсілі бойынша жаңа тақырып бойынша академиялық тілді дамыту мақсатында терминологиямен жұмыс жүргізу: период – период – period, топ – группа – group, периодтық кесте – периодическая таблица – periodic table т.б. Қалыптастырушы бағалау тапсырмаларымен (деңгейлік тапсырмалар) жұмыс жүргізу: І - деңгей Келесі сөйлемдерді дәптерге жазып толықтырыңдар: Периодтық жүйедегі барлық элементтер ____________________________________ артуы бойынша орналасқан. Элементтердің горизонталь қатарлары _____________ деп аталады. Тік қатарлар ________________ деп аталады. Төменгі сол жағында ________________ орналасқан, ал жоғары оң жағында _______________ орналасқан. Элементтердің көпшілігі __________________. ІІ – деңгей Периодтық кестеден натрий, аргон, мырыш, бром, рутений, платинаны табыңдар. Олардың рет нөмірін, атомдық массаларын, сондай-ақ период және топ нөмірлерін көрсетіңдер. ІІІ – деңгей Элементтердің периодтық кестесін пайдаланып, келесі сұрақтарға жауап беріңдер: а) ең жеңіл элементті; ә) рет нөмірі 12-элементті; б) 3-периодтағы металдарды; в) 2-периодтағы бейметалдарды; г) атомдық массасы 80-ге тең элементті; ғ) 4-период, 1-топтың қосымша топшасында орналасқан элементті атаңдар. «Сұрақтарға жауап беру» әдіс тәсілі: Кім? Кіммен? Қайда? Қашан? Не істеді? Мен көрдім де ...... дедім? «Ойлаудың алты қалпағы» әдіс-тәсілі бойынша кері байланыс беру: Ақ түсті тақия киген оқушы: сабақ бойынша өз пікірін білдіреді; Қара түсті тақия киген оқушы: сабақ бойынша сын айтады; Қызыл түсті тақия киген оқушы: сабақ бойынша эмоциялық көңіл-күйін білдіреді; Сары түсті тақия киген оқушы: сабақ бойынша нәтижелі, сәтті тұстарын айтады; Жасыл түсті тақия киген оқушы: сабақ бойынша жаңа идея, болжам ұсынады; Көк түсті тақия киген оқушы: сабақ бойынша басшылық жасап, қорытынды айтады; § 14-15, 81 бет № 4 тапсырма. 86 бет № 6 тапсырма | Жарайсыздар! Керемет! Тамаша! Керемет! Жарайсыздар! «Бағдаршам» кері байланысы «Бағдаршам» кері байланысы Оқушылар жұптарымен жұмыстарын ауыстырып, алдарындағы тапсырма бойынша берілген дескриптерлермен тапсырмаларды тексеріп, бағалайды «Бағдаршам» кері байланысы Жарайсыздар! Өте жақсы! |
Қағаз беттерінде әзірленген түрлі-түсті жапырақтар: жасыл, сары, гүлдер: ақ, қызыл, ағаш діңі: қара-қоңыр, бұлттар: көкшіл
Жеке, жұптық, топтық жұмыстар
Алты түсті (ақ, қара, қызыл, жасыл, сары, көк) ауа шарлары
Топтық жұмыс. А-3 қағазы, түрлі-түсті фламастер.
Жеке жұмыс. Кесте.
Жеке, жұптық жұмыс. Жұмыс парағы.
Жеке жұмыс әрі сергіту сәті. Қағаз қиындысы, қалам.
Топтық жұмыс. Тақия.
|