СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Алкиндер,гомологтық қатары,изомериясы, алынуы

Категория: Химия

Нажмите, чтобы узнать подробности

В разработке урока показаны приемы организации работы учащихся, которые обусловливают активное участие самих учащихся в усвоении нового материала, способствуют развитию критического мышления, творческих способностей учащихся.

Просмотр содержимого документа
«Алкиндер,гомологтық қатары,изомериясы, алынуы»

Сабақтың тақырыбы: Алкиндер,гомологтық қатары,изомериясы мен аталуы.

Сабақтың типі/түрі: Жаңа сабақты меңгеру сабағы /Оқушылардың өз бетімен білім меңгеру сабағы

Әдіс-тәсілдері: топтық жұмыс, диалогтық, сыни тұрғыдан ойлау, дамыта оқыту технологиясының элементтері.

Сабақтың мақсаты:

-білімділік: Алкиндердің құрылыс ерекшеліктерімен, ,алынуымен таныстыру;

-дамытушылық:Қаныққан көмірсутектерді біле отырып алкиндер,оның  қарапайым  өкілі  ацетиленнің құрылысы, изомерлері және аталуына  байланысты жаңа ұғымдарды қалыптастыру, заттармен жұмыс   істей білу дағдысын  және тапсырмалар арқылы шығармашылық қабілетін дамыту.

-тәрбиелік: Оқушыларды бірлесіп жұмыс жасауға, бір-бірінің пікірін тыңдауға,ұйымшылдыққа ,  жауапкершілікке үйрету.

Пәнаралық байланыс: физика, математика.

Сабақтың дидактикалық жабдықталуы: 1)оқу құралдары: «Ацетилен молекуласының құрылысы, sp-гибридтену», «Көмірсутектердің негізгі кластары» кестелер

2) үлестірмелі материалдар: «Мені таны», «Ойлан, тап», Технологиялық карталар, «Кім жылдам?» тапсырмалар жазылған карточкалар, Пластмасса шарлар мен өзекшелерден жасалған ацетилен, т.б. молекулалар модельдері. Формулалар жазылған карточкалар.

3)оқытудың техникалық құралдары: телевизор, нотбук, слайдтар.

Сабақтың барысы

  1. Ұйымдастыру кезеңі

-журнал бойынша студенттерді түгендеу;

-сабаққа дайындығын тексеру;

-сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.


2. Өткен тақырып бойынша студенттердің білімін тексеру. Үй тапсырмасын тексеру. Білімді қайталау.

І. Қызығуды ояту.(Топтастыру стратегиясы).

А) Оқушыларды үш топқа бөлу.

«Алкандар» тобы

«Алкендер» тобы

«Алкадиендер» тобы

Ә) Ой шақыру кезеңі: Әр топ төмендегі сұрақтар бойынша ассоциация құрады:

(Сұрақтар телевизордан көрсетіледі)

1.    Көмірсутектердің қандай түрлерімен таныстық?

2.Танысқан көмірсутектердің негізгі өкілдерін атаңдар?

3. Алкан,алкен,диен көмірсутектердің атауларының негізгі ерекшелігі неде дееп ойлайсыңдар? Атауларды қорғап шығу
4.Қаныққан көмірсутектер деп аталуы неге байланысты?
5.Қанықпаған көмірсутектерге нелер жатады?
6.Байланыстың қандай түрімен таныспыз?

Қос байланыс деген не?

σ- байланыс деген не? π- байланыс деген не?
7.Гибридтену дегеніміз не және оның қандай түрін білеміз?

Б) Ассоциация құру:







Жұрнағы – гибридтену түрі – химиялық байланысы – ( )


Жалпы

формуласы ЭТАН


Молекула пішіні – валенттік бұрышы – байланыс ұзындығы –














Жұрнағы – гибридтену түрі – химиялық байланысы – ( )


Жалпы

формуласы ЭТИЛЕН



Молекула пішіні – валенттік бұрышы – байланыс ұзындығы –


















Жұрнағы – гибридтену түрі – химиялық байланысы – ( )


Жалпы

формуласы Бутадиен-1,3



Молекула пішіні – валенттік бұрышы – байланыс ұзындығы –

















8. Төменде берілген сызбаны химиялық тілмен сауатты қорытындылап айтып беріңіз.
(Этан,этилен,диен көмірсутектері туралы кестелер, сызбанұсқалар)

Жаңа тақырыпты түсіндіру. Оқушылардың өз бетімен тақырыптарды меңгеруі.(5-7минут) «Білу» практикасы.

ІІ. Мағынаны тану кезеңі. Мұғалім:


Берілген заттардың молекулалық формулалары бойынша:

1) СН3 – СН3  

2) СН2 = СН2      

3) СН2 = СН - СН = СН2   

4) СН ≡ СН    

әр қосылыстың  класын анықтап, атын атау керек.











Мұғалім: Бұл – (4) көмірсутектердің жаңа класы- Алкиндер класының өкілі.(Жаңа тақырыпты жариялап, мақсат, міндеттерімен таныстырып өтеді).

А) Мәтінмен жұмыс. Тапсырма: берілген мәтінді оқып, деректерді еске сақтаңдар.

Мәтінмен жұмыс.

«Алкандар» тобы: Алкиндер туралы жалпы түсінік беру (анықтамасы, жалпы

формуласы, қарапайым өкілі, гомологтық қатары, аталуы; ацетиленнің алынуы).

«Алкендер» тобы: Ацетилен молекуласының құрылысы туралы туралы мағлұмат беру.(Көміртегі атомының электрондық құрылысы, ацетилен молекуласында σ- және π- байланыстардың түзілуі, гибридтелу түрі, валенттік бұрышы, байланыс ұзындығы, молекула пішіні, молекулалық, құрылымдық формуласы).

«Алкадиендер» тобы: Алкиндердің изомериясы және аталуы туралы мағлұмат беру.

(изомерияның түрлері туралы шолу жасау, алкиндерге тән изомерия түрлерін атау, мысалдар келтіру).

Ә) Технологиялық картамен жұмыс. Оқулықпен жұмыс.

-Қазір біз топпен жұмыс жасауды жалғастырамыз. Әр топ технологиялық картамен жұмыс жасайды. Қойылған сұрақтарға жауап беру үшін мәтінмен бірге оқулықпен жұмыс жасаңдар.

«Б.Б.Ү.» стратегиясы. Мұғалім: Алкиндердің қарапайым өкілі – Ацетилен. (Слайдтарды көрсете отырып қорытындылайды); (Слайд 1-15)

 1. Ацетиленнің формуласы   С2Н2
 Электрондық формуласы және құрылымдық формуласын жазып шығамыз.
2.Жалпы формуласы  - СnН2n-2
3. Алкиндерге атау беру: - ин жұрнағы
4. Физикалық қасиеті – түссіз,улы,суда аз ериді,ауадан жеңіл. Мr= 26, ауада оттекпен жанғанда копарылыс береді. (Видеофрагмент. Ацетилен алу реакциясы.)
5.Құрылысы: Әрбір көміртек атомы екі атоммен байланысқан. Ацетиленнің құрылысын sp– гибридтенумен түсіндіруге болады.
 Яғни әрбір көміртегі атомының 1s және 1p электроны гибридтенуге қатысып,нәтижесінде 2 гибридті бұлт түзеді,бұрыш шамасы 1800,молекула пішіні  сызықтық.
Ацетилен молекуласында көміртек атомдары  sp-гибридизация күйінде болады. Бұл көміртектің әрбір атомы өстері бір сызықтың бойында бір біріне 180° бұрышпен жататын екі гибридті  sp орбиталдары болатынын және қалған екі  p- орбиталдардың гибридтенбей қалатынын көрсетеді. 

Ал гибридтенуге қатыспаған әрбір көміртегінің 2 р электроны 2π байланыс түеді. Сондықтан ацетиленнің молекуласында 3 σ және 2π  байланыс болады.

а) σ- байланыстың түзілуі                                       б)  π- байланыстың түзілуі
Алкиндерге жүйелеу номенклатурасы бойынша атау беру үшін: 
А) ұзын көмертегі тізбегі алынады
Б) қай жаққа үш байланыс жақын сол жақтан бастап көміртегі атомын нөмірлейді
В) тізбектегі көміртек атомының санына байланысты –ин жұрнағы жалғап, үш байланыс орналасқан көміртек номері және радикал  көрсетіледі.
ІІІ. Оқушы түсінігін тексерудің алғашқы кезеңі.

«Мені таны» ойыны: Карточкамен формулалар (молекулалық) көрсетіледі. Үш топ жарыса атау береді.

«Ойлан, тап» ойыны: Карточкамен формулалар беріледі. (Изомерлердің құрылымдық формулалары жазылған. Үш топ жарыса атау береді.Аяқтау ретіне қарай бағаланады)

«Ойлан, тап». Берілген қосылыстарға жүйелеу номенклатурасы бойынша атау беріңдер: 1. СН3 – СН2 –СН2 – СН2 –С ≡СН ........................................

2. СН3 – С ≡ С – СН2– СН2 – СН3 ............................................................

3. СН ≡ С – СН(СН3)– СН2 – СН3 ..........................................................

СН2= СН – СН= СН – СН2 – СН3 ............................................................








 Мысалы :  гексин-1; гексин -2; 3- метилпентин-1; гексадиен-1,3.
 Мұғалім:

- Бірінші және екінші формула изомерияның қай түрі?

- Бірінші мен үшінші ше?

- Төртінші формула изомердің қай түрі?

ІІІ. Ой-толғаныс. Салыстыру стратегиясы. Венн диаграммасын құру.

 Мұғалім:

Ацетилен молекуласының этилен молекуласынан айырмашылығы неде?

Ұқсастығы неде деп ойлайсыңдар?


Этилен Ацетилен


Бір қос байланыс,sp2-гибридтену, Вал. бұрышы 120°, молекула жазық пішінді

Үш байланыс,sp-гибридтену, Вал. бұрышы 180°; молекула сызықтық пішінді




Екеуі де қанықпаған


Ортақ белгі :  Екеуі де қанықпаған көмірсутектер





А)Төмендегі алкиндерге номенклатура бойынша атау беріңдер:

1. СН3 – СН2 - СН2 – С ≡СН

2. СН ≡ С - СН– СН – СН3
                     ∣       ∣
                   СН3 СН3

3. СН3 – С ≡ С – С Н2– СН3

Сұрақтар: 1.Алкиндердің қарапайым өкілі,формуласы
2. Қандай гибридтену арқылы алкиндердің құрылысы түсіндіріледі?
3.Ацетиленнің молекуласында қанша  σ және π   байланысы бар?
4.Ацетиленнің молекуласындағы байланыс ұзындығы  этиленмен салыстырғанда неге қысқа?
5. –ан жұрнағының нені білдіретінін атап беріңіз?
6.Алкиндердің изомериясы неге байланысты?

В)Әңгіме құрастыру

ІV. Білімді тиянақтау. Шығармашылық жұмыс. Үш топқа тапсырма беру.

1-топ: Ацетилен, көмірсутек, -ин, үш байланысы бар, жұрнақты, өкілі, органикалық зат, - осы сөздерден қорытынды сөйлем құраңыздар.

2-топ: Түбірі бірдей, жұрнағы әртүрлі, «Б» әрпінен басталатын 4 формула жазыңдар.

3-топ: «Кім жылдам? Кім тапқыр?». Берілген тақырып бойынша  Синкевейн - бес жолдық өлең құрастыру.

1 жол – зат есім (синквейн тақырыбы)

2 жол – екі сын есім (синквейн тақырыбын ашатын)

3 жол – үш үстеу (қозғалысты сипаттайды)

4 жол – сөйлем немесе фраза (тақырыпқа байланысты айтылған)

5 жол – синоним (резюме-сөз)

V. Сабақты қорытындылау, бағалау. Рефлексия

Өздік жұмыс: 1) Берілген қосылыстардың формулаларын құрастырыңдар: а)2,4-диметилпентадиен-1,3; б)3-этилгексатриен-1,3,5.

№ 6, 7. №11 есеп.

Үй тапсырмасын беру: §9,45-48-беттер,№ 9,10.

Қолданылған әдебиеттер:

  1. Жұмадилова Р.Н., Алимжанова С.К. Химия: учебник для 11 кл. обществ.-гуманит. направления общеобразов.шк. – Алматы: Мектеп,2011. – 208 с.

  2. Темірболатова Ә., Сағымбекова Ж., Әлімжанова С. Тапсырмалар жинағы, жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 11-сыныбына арналған оқу құралы. – Алматы: Мектеп, 2011ж.

  3. Химия мектепте.Ғылыми –педагогикалық журнал.№4, 2006 жыл.


Скачать

© 2020, 1261 1

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!