СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Тақырып: «Экономика және оның қоғамдағы ролі”

Нажмите, чтобы узнать подробности

Білімділік мақсаты: пән, оның қоғам өміріндегі ролі мен маңызы оқыту жөнінде баяндау. Өндіріс және оның факторларына түсінік беру.

Дамытушылық мақсаты: экономикалық процестерді экономикалық тұрғыдан ойлауды, талдауды және қорытынды жасауды үйрету.

Тәрбиелік мақсаты: осы пәнге деген қызығушылықтарын дамыту және бар экономикалық білімдерін тереңдету.

  1. Әдебиеттер:
  1. Назарбаев Н.А. «Стратегия становления и развития Казахстана как суверенного государства», Алматы, 1992 г.
  2. Чепурин М.Н. «Курс экономической теории», Киров, 2002 г.
  3. Шеденов У.К. «Общая экономическая теория», Алматы, 2002г.
  4. Долгоруков А.М. «Как мыслить экономическими категориями», Волгоград, 2002 г.

Сабақтың жоспары:

  1. Кіріспе. Экономика нені оқытады.
  2. Экономикалық ресурстар және өндіріс факторлары.
  3. Қоғамдық өндіріс, оның құрылымы мен нәтижелері.

Әдістемелік нұсқаулар:

Кіріспе курстың бастапқы маңызды тақырыбы болып табылады, себебі студенттер осы пәннің қажеттілігін, оның маңыздылығын және өмірмен байланысын білуі қажет. Тақырыпты оқыту барысында ғылымының мазмұнын және пәнін, оның құрылымдық бөліктерін, қоғамның негізгі өмірі ретінде өндіріс жөнінде ашуы, қазіргі заманда ресурстардың шектеулілігі мәселелерін және өндіріс құрылымы мен факторларын, ал сонымен қатар оларды таңдау мәселелерін сипаттау қажет.

Дәріс.

1 сұрақ.

Бізді қоршаған ортаға үңіле қарайтын болсақ, ол тым күрделі және онда болып жататын әртүрлі өзгерістер бір-бірімен өзара тығыз байланысқан. Осы құбылыстарды жан-жақты зерттеу ісімен көптеген ғылымдар айналысады, солардың ішінде экономика ғылымының орны ерекше.

Қазіргі заманда «экономика» сөзінің түсінігі көп мағынаны білдіреді.

Біріншіден, «экономика» сөзімен игіліктер мен қызметтер көрсететін өндірістік және өндірістік емес салалардың жиынтығы ретінде түсіндіріледі, онсыз адамзат қоғамы өмір сүре алмайды.

Сондай-ақ «экономика» сөзімен экономикалық қатынастар жиынтығы қарастырылады. Осы қатынастар өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну жүйесінде қалыптасады. Бұл қатынастар қоғамның экономикалық базисін құрап, онда идеологиялық және саяси қондырма орналасады.

Екіншіден, «экономика» сөзін ғылымдар тағысындағы экономикалық қатынастарын қызметтік немесе салалық астарын қарастыру деп білеміз. Экономикалық теорияның өкілдері өндіріс интерэкономикасын бөліп қарағанда да «экономика» ұғымын түсіндіреді.

Интерэкономика дүниежүзілік шаруашылықтың пайда болуы мен даму заңдылығын сипаттайды. Сондай-ақ экономикалық теорияда бірнеше экономика түрлерін бөліп қарайды: дәстүрлі, нарықтық, еркін бәсекелік, әкімшілдік-әміршілдік, аралас және басқалары.

Үшіншіден, «экономика» сөзі экономикалық ғылым жалпы экономикалық теория ретінде қарастырылады.

Төртіншіден, «экономика» сөзімен оқыту пәні ретінде түсіндіріледі.

Қоғамдық қатынастар жүйесінде экономикаға ерекше орын беріледі, себебі ол саяси, құқықтық, рухани және басқада қоғамдық, өмір саласының мазмұнын анықтайды. Экономикалық саясат экономиканың шоғырланған мағынасын білдіреді. Генетикалық көзқарас тұрғысынан алғанда, саясат экономикадан өрбиді деген сөз. Саяси қөзқарастар, мекемелер мен қатынастар екінші реттегі байланыстар болып табылды. Себебі олар экономикалық қатынастардан туындайды., олармен анықталады. Және соларға қызмет жасайды. Өз кезегінде саясат әрдайым қоғамдық дамуда ерекше роль атқарады. Экономикалық заңдардың дамуын адамзат қоғамы саясатты қолдану арқылы жүзеге асырады.

Экономикалық ғылым - ең ертедегі ғылымдардың бірі. Алғашқы рет «экономия» («ойкономия») термині біздің дәуірімізге дейін ІІІ-ші ғасырда ертедегі грек ойшылдары Ксенофонт (б.д.д. 430-355 ж.ж.) және Аристотель (б.д.д. 384-322 ж.ж.) еңбектерінде пайда болды.

«Ойкономия» (экономия) сөз ретінде - (үй шаруашылық) Аристотель құл иеленушілік шаруашылықты жүргізуді ұйымдастыру туралы ұсыныстар жиынтығын түсінген. Кейінірек, осы бір талаптарға сүйене отырып, феодалдық иелікті жүргізу үшін ұсыныстар жиынтығы жасалды.

Экономикалық (тауарлы-ақша) байланыстардың дамуы феодалдық тұйықтылықты жоюға және мемлекеттің пайда болуына әсер етті. Сол кездері жеке иеліктерді жүргізумен шектелмеді және мемлекеттегі (мемлекет грекше – «полис», «политейя» деген сөз) барлық шаруашылықты жүргізудің жалпы ұлттық ережесін анықтаудың алғашқы талпыныстары пайда болды. Мемлекеттік шаруашылықты жүргізудің жалпы ережесі «саяси экономия» деген атқа ие болды. Алғаш рет «саяси экономия» деген ұғымды француз сарай қызметкері Антуан Мокретьен қолданды. Ол «Саяси экономия трактаты» (1965ж) кітабында Франция елінің шаруашылығын мемлекеттік тұрғыдан басқарудың субъектісі ретінде қарастырды. Бірақ мұны ғылым деп айтуға ерте болатын. Экономикалық теория ғылым ретінде ХVІ-ХVІІ-ші ғасырлар тоғысында пайда болды.

2 сұрақ.

Экономикалық ресурстар - бұл өндіріс үдерістерінің мүмкіндіктері, қаржылары, көздері. Олар материалдыққа, еңбек және қаржылық ресурстарға бөлінеді. Материалдық ресурстар өндіріс үдерісінде қолдану мен өңдеуге арналған заттық элементтер кешенінің барлығын көрсетеді. Нақты құрамы бойынша олар өзіне шикізатты, негізгі және қосымша материалдарды, жанар-жағар майды, энергияны, сондай-ақ өндірістегі өңдеуі бітпеген жартылай фабрикатты қосады. Еңбек ресурстарына қоғамдық пайдалы еңбекке жарамды елдің тұрғындарын қосады. Қаржылық ресурстарға - мемлекеттің қарауында болатын ақшалай қаржыларды, кәсіпорындарды, мекемелерді, тұрғындарды қосады.

Барлық экономикалық ресурстар маңызды ерекшеліктерге ие: олар сирек және шектеулі көлемде болады. Бұл ерекшелік әр түрлі өнімдер арасындағы шектелген ресурстарды бөлу қажеттігі алдында және қатаң шектелген қызмет төңірегіне өндірістік жүйені қояды. Осыған байланысты өндірістік қызмет түрлері бойынша ресурстарды мақсатты дұрыс бөлу мәселелері пайда болады. Сонымен бірге экономикалық ресурстар қол жететін, өндіретін, айырбасталатын тәрізді ерекшеліктерге ие. Қол жетімділігі деген сөз өндіріс үдерісіне қажетті уақытында сол немесе басқа ресурстардың белгілі бір көлемін тарту мүмкіндігін білдіреді. Ресурстарды қайта өндіру сапаны көтеру мен олардың санын көбейту мүмкіндігімен байланысты. Тіпті өнімділігін толық жоғалтқан жер төлемдерін жер өңдеу технологиясын пайдалану жолымен қайта қалпына келтіруге болады. Экономикалық ресурстардың айырбасталымы, бір ресурстардың жетпей қалған кезінде, оны басқамен айырбастауға болатынын көрсетеді. Мысалы, станоктардың шектелген көлемінде көп жұмысшылар күшінің іске қосылатынын көрсетеді.

Іске қосылған өндіріске берілген экономикалық ресурстар өндірістің факторын анықтайды. Өндірістің негізгі факторлары еңбек, жер, капитал және кәсіпкерлік қабілет болып табылады. Еңбек (жұмыс күші) - бұл материалдық игілік пен қызметті құру үшін өндірісте қолданылатын адамдардың ақылы мен барлық физикалық қабілеті жиынтығы. Жұмыс күшін жүзеге асыру еңбек үдерісінде өтеді, сондықтан өндірістегі адам ресурстары ретінде, «жұмыс күші» және «еңбек» деген түсінікті жиі теңдестіреді. Еңбекті өмірдегі жақсылықты құру үшін мақсатты бағытталған адамның қызметі ретінде бағалауға болады. Уақыт бірлігіндегі өнім көлемімен өлшенетін еңбек өнімділігі оның маңызды көрсеткіштері болып табылады.

Өндіріс факторы ретіндегі капитал - бұл өндіріс құралы, еңбек құралының және еңбек затының жиынтығы. Еңбек құралы - бұл адамдар көмегімен белгілі бір игілікті жасайтын, заттарды өндіретін (құралдар, машиналар, жабдықтар, өндірістік ғимарат және кешен). Еңбек заттары - бұл неден өндіреді, яғни, адамдар еңбек үдерісі кезінде ықпал ететін және келешектегі өнімнің материалдық негізін құрайтын заттар (кен, мұнай, шикізат, материалдар және т.б.). Өндіріс құралы - бұл шынайы капитал. Сондай-ақ, ақшалай капиталды да яғни, өндіріс құралын сатып алу үшін ақшаны бөледі.

Жер өндіріс факторы ретінде - жер қойнауын, ормандарды, ауа мен суды қосқандағы табиғи ресурстардың барлық түрі өндіріске тартылады.

Кәсіпкерлік қабілеті адамның бизнесті немесе кез келген уақытта істі ұйымдастыруға дайындығы мен істей білуіне, соған байланысты шығынды, тәуекелді және жауаптылықты өзіне қабылдауына байланысты қорытындыланады. Әрбір адам мұндай қабілеттілікке ие бола бермейді.

Нағыз кәсіпкерді үлкен еңбек сүйгіштігі, ұсынысшылдығы, жаңашылдығы, шығармашылық рухы, іскерлік қасиеті, адамдармен араласа білуі, көзін жеткізе білуі, оларға ықпал ете білуі ерекшелендіреді.

Осы классикалық өндіріс факторларымен бірге қазіргі уақытта өндірісті ұйымдастыру, өндіріс технологиясы, өндірістің ақпараттық факторы, ғылым, энергетикалық, экологиялық факторлар тәрізді, қазіргі заманғы өндіріс факторларын бөлу қажеттілігін айтып келеді.

Өндірісті ұйымдастыру - бұл барлық өндіріс үдерістерін тәртіптейтін және бірлігін қамтамасыз ететін ішкі өндірістік байланыстардың құрылысын анықтаушы құрылым. Өндірістің технологиясы еңбек затын өңдеудің нақты әдісін, өндіріс үдерістерінің белгілі бір тәртібін көрсетеді. Ақпараттар осындай немесе басқадай білімнің, деректердің және әр түрлі белгілердің ағымдарын көрсетеді. Ғылым - бұл өндірісте пайдалануға тиісті теориялық жүйеленген объективті білім. Энергия - бұл өндіріс құралдарын кажетті қозғалысқа келтіретін осындай немесе басқадай күш.

Экологиялық фактор - қорғау, сақтау және табиғатты қайта гүлдендіру қажеттілігіне қатысты, қоршаған орта мен адамдардың өзара қарым-қатынастарына байланысты барлық кешенді мәселелер.

3 сұрақ.

Өндіріс - бұл олардың тұтынушылығын қамтамасыз етуге бағытталған, адамдардың мақсаттылықты қызметі. Материалдық өндіріс пен материалдық емес өндірісті бөледі.

Материалдық өндіріс мыналарды өзіне қосады:

  1. материалдық игіліктерді өндіру жөніндегі кәсіпорындар мен салалар (өнеркәсіптік, ауыл шаруашылығы, құрылыс);
  2. материалдық қызметтер көрсететін кәсіпорындар мен салалар (көліктер, сауда, коммуналдық шаруашылық, тұрмыстық қызметтер).

Материалдық емес қызметтерге мыналар жатады:

  1. материалдық емес игіліктерді жүзеге асыратын кәсіпорындар мен салалар (кино, театр, тұтастай өнер);
  2. материалдық емес қызметтер көрсететін кәсіпорындар мен салалар (денсаулық сақтау, білім беру және т,б)

Қоғамдық өндіріс екі бөлімге бөлінеді: І-бөлім - өндіріс құралдарын шығаратын салалар, кәсіпорындар; ІІ-бөлім - тұтыну заттарын шығаратын салалар мен кәсіпорындар.

Қоғамдық өндірістің байлық, көрсетілетін қызметтер және заттар түрінде көрінетін нәтижесі қоғамдық өнім болып табылады. Заттар - өмір сүрудің тұрақтылығымен қалыпты тәуелсіздікке ие болатын материалдық баршылықтың белгісі. Қызмет көрсету белгілі бір тұтынушылықты қанағаттандыруға бағытталған адам немесе кәсіпорынның пайдалы қызметінің нәтижесі. Өндірістің ерекшелігі мен қызметтерін өткізуі көп жағдайда өзара айырбасталмайтын, жинау, сақтау, жеткізудің мүмкін еместігіне орай, материалдық игіліктермен салыстырғандағы тұтыну мен өндіріс үдерістерін қатар алып жүрумен қорытындыланады. Байлық - бұл еңбекпен құрылған және жиналған материалдық игіліктердің жиынтығы. Ол мыналарды өзіне қосады: а) негізгі өндірістік қорлар (ғимарат, машиналар және құралдар) және өндірістік емес (тұрғын үй, ғимарат және білім мекемелерінің құралдары, мәдениет және денсаулық сақтау); ә) материалдық айналымдық құралдар; б) азаматтардың жеке мүлкі.

Категория: Экономика
06.04.2021 21:19


Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!