СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

XV-XVIII ғғ қазақтардың әдет-ғұрып құқығы

Нажмите, чтобы узнать подробности

XV ғасырдың ортасында қазақстан территориясында аса маңызды тарихи оқиға болды. Қазақ хандығы атты жаңа мемлекет пайда болды және осы мемлекеттің негізгі тұрғындары қазақ халқы этнос ретінде қалыптасты.Қазақ хандығы да қазақ халқы да шет жерден келіп қоныстанған жоқ. Қазақ хандығы бұған дейін осы өңірде өмір сүрген ежелгі ғұн, үйсін, қаңлы мемлекеттерінен бастап Ақ Орда мен Әбілхайыр хандығына дейінгі мемлекеттердің заңды жалғасы ретінде дүниеге келді. Қазақ халқы да осы өңірде өмір сүрген ондаған рулар, тайпалар мен халықтардың қазақ деп аталатын этникалық топқа қайтадан топталунан құрылды. Осы ұлан-байтақ жердің бүгінгі иегері «қазақ» халқы мен оның атымен аталған мемлекет Қазақ хандығы осылай тарих сахнасына шықты. Қазақ хандығының негізін салушылар Керей мен Жәнібек хандар болды. 1456 жылы Керей мен Жәнібек қараған 200 мыңдай адам Әбілхайыр хандығынан іргесін бөліп, Моғолстанға қарасты Шу мен Қозыбасы өңіріне орда тікті. Бір кезде қаһарлы болған Әбілхайыр ханның олардың жолын кесуге мұршасы болмады. 1468 жылы қазақтарды шабуға үлкен қолмен аттанған Әбілхайыр жорық үстінде қаза тапты. Оның хандығы ыдырады. Әбілхайыр хандығы құрамындағы халықтар мен қазақ хандығы құрамындағы халықтар бірыңғай болғандықтан ешқандай ұрыс-соғыссыз олар бірігіп кетті де бүкіл жерлер қазақ хандығына қарады. Халық бұдан былай қазақтар деген атаққа мәңгі иеленді.

Екінші кезең XVIII ғ-ң 20 ж.ж. 1864 жылға дейінгі қазақ хандықтарының және олардың жойылу кезеңі. Бірінші кезеңде қазақ хандығы мемлекет ретінде дүниеге келіп оның территориясы анықталды. Қазақ халқы қалыптасып, оның түрік дүниесі негізінде пайда болған өзіндік тілі, мәдениеті, өнері, ғылымы, әдебиеті, тұрмысы, шаруашылығы мен құқығы қалыптасты. Қазақ хандығы өзінің кемеліне келіп, әлемге танылды. Екінші кезеңде біртұтас қазақ хандығы этникалық территориялық негізде үшке Ұлы жүз, Орта жүз және Кіші жүз деп аталатын формальды хандықтарға бөлінді. Тек Абылай хан кезінде (1771-1781) ж.ж. біртұтасқа қайта қол жетті. Бұл кезеңде қазақ хандықтары тәуелсіздігінен айырылып ресей империясының отарына айналды.

Хан. Қазақ қоғамының жоғарғы мемлекет басшысы хан болды. Қазақ хандары Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошыдан тарады. Ханның қолында әскери және азаматтық билік шоғырланды. Хан әскердің бас қолбасшысы болып есептелді.

Категория: Право
14.12.2020 13:28


Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!